SPORTS.KZ
Sports.kz
Дата от   до

ФК «Кайсар» — В единстве сила

Конференция Азиза Оразбаева о футбольном клубе «Кайсар»


задать вопрос

Сделать ставку
Комментировать могут только авторизованные пользователи, или зарегистрируйтесь

...или войдите через аккаунт соцсети

  • «»Здравствуйте! Нуждается ли "Кайсар" в усилении состава на следующий сезон?

    • 8 ноября 2014, 11:42
    • Караганда
    • 591 запись
    • 3814 дней на портале
    Ответ

    Ассаалаумағалейкум, RunRunBoy! Меніңше, кез-келген команда күшейтуге қарсы болмайтын шығар. "Қайсар" да келесі жылы ел чемпионатында абыроймен ойнау үшін құрамын барынша шебер ойыншылармен толықтыруға тырысатын болады.

  • «»Азиз, «Байконыр» имеет отношение к «Кайсару»?

    • 23 сентября 2014, 10:13
    • Тараз
    • 432 записи
    • 3988 дней на портале
    Ответ

    Ассалаумағалейкум, Алғаман! Биылғы жылдың басында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қолдауымен Қызылордада "Байқоңыр" футбол клубы құрылған болатын. Құрамы кілең жергілікті қазақ жігіттерінен жасақталды. Бас бапкері - Құттыбай Досманбетов. Негізі, заңды жағынан алар болсақ, "Байқоңырдың" "Қайсар" футбол клубына қатысы жоқ. Яғни, жеке заңды тұлға. Келесі жылы Қазақстан Республикасының Бірінші лигасында өнер көрсететін "Байқоңырды" Қызылорда қалалық әкімдік қаржыландыратын болады. Әлбетте, аталмыш екі клуб бір-бірінен бөлек, заңды тұлғалар болғанымен "Байқоңыр" футболшылар үшін "Қайсар" футбол клубына жолдама беретін өзіндік трамплин болады деп үміттенеміз.

  • «»Приветствую, вы не знаете, где можно купить атрибуты фк «Кайсар», именно хотел бы футболку, футбольного клуба, спасибо

    • 13 июля 2014, 00:08
    • Казахстан
    • 12 записей
    • 3750 дней на портале
    Ответ

    Бақтияр, ассалаумағалейкум! Негізі, маусым басында Қызылорда қаласында "Қайсардың" атрибутикаларын сататын дүкен ашылуы тиіс еді. Ол жерде клубқа қатысты дүниелердің барлығын сатып алуға болатын еді. Алайда, әртүрлі себептерге байланысты бұл мәселе әзірге кейінге шегеріліп тұр. Бірер айда бұл идея да жүзеге асып, осындай дүкен Қызылордада ашылатын болады. Ол күндер де алыс емес. Сондай-ақ, жыл басында "Қайсардың" фирмалық шарф, футболка, кепка сынды атрибуттары көптеп тапсырыс берілген. Бірақ, өзіңіз білесіз, Қызылорда футболды сүйетін қала. Барлық заттар бірден сатылып кетті. Осыған байланысты клуб басшылығы қазір "Қайсардың" атрибуттарына тағы да тапсырыс берді. Бірер күнде Сыр өңіріне жетіп те қалады. Сол кезде кепканы да, шарфты да сатып ала аласыз. Бұл жөнінде сол кезде өзіме жеке хабарлассаңыз да болады. Ал қазір Қызылорда облыстық футбол федерациясының кеңсесінде "Қайсардың" жанкүйерлерге арналған футболкаларынан азғантай ғана мөлшерде қалды.

  • «»Азиз, уважаю за сайт на казахском. Вы патриот?

    • 10 июля 2014, 00:36
    • Тараз
    • 432 записи
    • 3988 дней на портале
    Ответ

    Ассалаумағалейкум, Аlgaman! Рахмет көп! Иә, мен патриотпын! Және патриот болғаныма қуанам.

  • «»Спасибо Вам, за то что на казахском все делаете. Сайт ведете. Что скажете о положении дел в команде?

    • 21 июня 2014, 18:17
    • Актобе
    • 3404 записи
    • 4574 дня на портале
    Ответ

    Ассалаумағалейкум, Armanho! Сізге де қолдауыңызға рахмет! Жалпы командаға келгендегі басты мақсатым да осы болатын. Тек сайтты ғана емес, "Қайсарға" қатысты басқа да дүниелерді барынша қазақшаласам деген ойым бар. Өйткені, Қызылорда қазақтың исі аңқыған, бағзы салттарымыз сол күйі сақталған қала. Жалпы, Қызылорда ғана емес, еліміздің басқа да қалалары да қазақ тіліне жіті көңіл бөлсе екен деймін. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" деп Қадыр Мырза Әли айтып кеткендей біз ана тілімізді бәрінен де жоғары қоюуымыз керек. Қазір жаһандану заманында атаулардың барлығын шет тілде жазатын болып жүрміз. Құдды бір, қазақшалап жазсақ, шетелден келген қонақтар түсінбей қалатындай. Осы орайда, Түркиядан үлгі алғанымыз артық болмас. Ол жақта барлығы өз тілдерінде жазылады. Оны түсінбей жатқан туристер жоқ. Мәселен, "Бешікташты" түрікше жазғаннан оны өзгелер "Галатасарай" немесе "Фенербахчемен" шатастырып жатқан жоқ қой. Бізге де солай жасау керек. Ал командадағы жалпы жағдайға айтар болсам, футболшылардың көңіл күйлері жақсы. Жарақат алған ешкім жоқ. Бәрі де команда алдына қойылған тапсырма - үздік алтылыққа енудің маңыздылығын түсінеді. Жаттықтырушылар алқасы мен футболшылар сол бағытта бар күштерін салып-ақ жатыр.

  • «»Правда что Вы плакали, когда «Шахтёр» выиграл «Селтик»?

    • 5 июня 2014, 16:59
    • Астана / Нур-Султан
    • 9 записей
    • 3865 дней на портале
    Ответ

    Ассалаумағалейкум, Vpered Барыс! Сұрағыңызға рахмет! "Шахтер" мен "Селтик" кездесуін үйде теледидардың алдына телміріп отырып тамашалағанмын. Шынын айтсам, "Шахтер" жеңіске жеткенде адам түсіндіріп айта алмастай сезімде болдым. Қуанышым қойныма сыймай, біраз таныстарыма сүйіншілеп, қоңырау шалып шықтым. Бірақ жыладым деу артықтау болар.

  • «»Какие позиции требуют усиления в летнее трансферное окно?

    • 5 июня 2014, 16:38
    • Петропавловск
    • 15 записей
    • 3597 дней на портале
    Ответ

    Жазғы трансферлік маусым да басталды. "Қайсар" әзірге бір ойыншымен толықты. Бұған дейін Ресей Премьер-лигасында доп теуіп, Қазақстанда "Қайрат", "Ордабасы" сияқты клубтарда ойнаған Қазбек Гетериев "Қайсармен" жыл соңына дейін келісім шартқа отырды. Жалпы, командада бапкерлердің сынақтарынан өтіп жүрген басқа да футболшылар бар. Есімдерін келісімшартқа отырғаннан кейін атауға уәде беремін. Ал кеткендерден Сергей Шевцовты айтуға болады. Өз "үйі" "Ақжайыққа" ауысты. Сондай-ақ, команданың жаттықтырушысы Сұлтан Әбілдаевтың сөзіне қарағанда Сүйіндік Көшеков те команда ауыстыруы мүмкін. Оғын ойын тәжірибесі керек. Сондықтан, Бірінші лигадағы "Қызылжарға" баруы бек мүмкін.

  • «»Почему Милан Яблан так мало играет? Какой смысл держать в команде легионера, который практически не выходит на поле?

    • 5 июня 2014, 16:32
    • Петропавловск
    • 15 записей
    • 3597 дней на портале
    Ответ

    Ассалаумағалейкум, Аршавин! Ұзақ уақыт жауап бере алмағаныма кешірім өтінемін. Техникалық кедергілер болған еді. Миланның "Қайсар" футбол клубына дейінгі командаларда қалай ойнағанын зерттегенмін. Жақсы ойыншы. Әсіресе айып доптарын тамаша орындайды. Қысқы маусымаралық кезеңде "Қайсардың" жиынында да жақсы жағынан көзге түскен. Меніңше, Милан сынды марғасқалардың командада болуы артық етпейді. Ол әлі өз мықтылығын дәлелдей алады деп ойлаймын.

  • «»Азиз, почему «Кайсар» не проводят открытые тренировки и автограф сессии? И было бы здорово, если бы играли товарищеские матчи против команд из своих регионов, что бы выбрать талантливую молодёжь.

    • 29 мая 2014, 16:35
    • Казахстан
    • 0 записей
    • 3591 день на портале
    Ответ

    Здравствуйте, Выпускник 212! Спасибо за вопрос! Спасибо, что неравнодушны! Енді сіздің сұрағыңыз жайлы. "Қайсар" жанкүйерлер үшін ашық. Клуб сайтының қонақ бөлімінде сұрағыңызды жаттықтырушыларға, басшылыққа бағыттай аласыз. Жанкүйерлермен кездесіп те тұрады. Мәселен, матч соңында жанкүйерлер өздері қалаған футболшылармен суретке түсіп жатады. Бұған ешкім тиым салған емес. Сондай-ақ, жақында "Қайсардың" жаттықтырушылар құрамы Орталық стадионда жанкүйерлермен және журналистермен жолдастық кездесу өткізіп, футбол ойнаған. Ал "Қайсардың" негізгі құрамы Қызылорданың "Байқоңыр" командасымен жолдастық ойын өткізді. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын табады.

  • «»Азиз, старт команды удался, как считаете, какое место может занять команда по итогам сезона?

    • 13 мая 2014, 14:26
    • Тараз
    • 432 записи
    • 3988 дней на портале
    Ответ

    Одно ясно - сейчас команда идет на третьей строчке в турнирной таблице КПЛ. А на каком месте окажемся по итогом сезона посмотрим в ноябре. Одно радует, что сейчас команда на ходу и футболисты уверены в себе. Все поняли, что можно играть с любой командой. Но нужно быть готовым ко всему. Бывают удачные игры и также может последовать неудачи, хотя надеемся, что удача везде и всегда будет с нами. ;)

Хроника дня

Календарь новостей

ПНВТСРЧТПТСБВС
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Больше новостей

Программа ТВ

28 марта

Опрос

Кто является главной действующей звездой казахстанского спорта?

Партнёры

Наверх