СпециалистыЕлжан Кайрканов
СЫН СӘТТЕ БІРГЕ БОЛАЙЫҚ
Құрметті Отандастар! Күні кеше ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі отырысында қазіргі кездегі жағдайды көпшілік талқысына салған мазмұнды баяндамасы маған да ой салды. Ел басына ауыртпалық түскен күрделі кезеңде бәріміздің сабырлық сақтап, тәж тажалды жеңіп шығу үшін шыдамдылық қажет екені шын болса керек. Өз басым дүниенің төрт бұрышын жаулап алған сұмдық сырқаттың тез тарап бара жатқанына алаңдаулымын. Экономика құлдырап, мыңдаған адамдар жұмыссыз қалды. Президент бұдан шығудың жолдарын көрсетіп берді. Енді тек белсенді қимыл қажет, қатаң тәртіпке бағынғанда ғана пандемияны жеңеміз. Қазақ елі саңлақтарының 7 Олимпиада ойындарында, бірнеше АЗИЯ, дүниежүзілік студенттер Универсиадаға қатысып, елге репортаж жолдап тұрдым. Жиырмадан астам кітаптарым шықты. Рас, әлемді шарпыған қауіпті вирус кезінде сандаған дүбірлі сайыстар тоқтап қалды. Токиодағы Олимпиада келер жылға шегерілді. Оның сыртында қаншама дүбірлі сайыста өтпей қалды. Сөйте де шырайлы Шығыстың спорт саңлақтары келер күннен үміт күтеді. Аманшылық болса бұл апат та артта қалар. Короновирус тажалы талай мықты азаматтарды арамыздан алып кетті. Олардың топырағы торқа болсын,жаны жәннатта болғай. Қазақ елінің көк байрағы алдағы уақытта да көк аспан төрінде самғай берсін.
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Баспасөз қызметі
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Спорт ВКО
Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области
- Дата рождения:
25 марта 1995
- В спорте:
с 2005 года