СпециалистыЕлжан Кайрканов
Ұландықтар самбодан сайысқа түсті
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының қолбасшысы полковник Рүстем Ақбалин спартакиаданың ашылуымен құттықтады.
-Самбо әскерилердің бойында қатты мінез, табандылық пен төзімділікті қалыптастырып, жинақылыққа бейімдеп, өз мақсатына жетуге қажетті қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді, -деді полковник Рүстем Ақбалин өз сөзінде.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командалық біріншілігінің қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
Бас жүлдені Павлодар қаласынан келген 6679 әскери бөлімінің құрама командасы қанжығасына байласа, жүлделі екінші орынды Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің құрама командасы еншілеп, үшінші орынды Семейлік 5511 әскери бөлімінің құрама командасы місе тұтты. Командалық біріншілікте жүлделі орын алған командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
Түрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған чемпиондарды «Динамо» ДШСҚ ШҚО филиалының ардагері, «Самбо» және жауынгерлік «Самбо» күресінің спорт шебері Салимжан, «Динамо» ДШСҚ ШҚО бөлім бастығы Сергей Иманқұлов,
ШҚО регби федерациясының президенті Талғат Омаров және ШҚО фехтования бөлімінің жаттықтырушысы Алексей Пеньков марапаттады.
Сайыс қорытындысы бойынша жасақталған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы 3-6 маусым аралығында Жаңаөзен қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының чемпионатында бақ сынайтын болады.
Бағдат Амангелді,
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Спорт ВКО
Блог Елжана Кайрканова о спорте Восточно-казахстанской области
- Дата рождения:
25 марта 1995
- В спорте:
с 2005 года