СпециалистыНургазы Сасаев
Футбол. Ұлттық құрама. Жеті жоқ
Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында Жеті қазына деген философиялық түсінік бар. Ол атадан қалған асыл сөздер деп те аталады. Соның ішінде "Жеті жоқ" деген ұғым бар. Осы ретте, футболдан ойыны үйлеспей жүрген Қазақстан ұлттық құрамасының "Жеті жоғын" тізбектеп шығуға тырысқан едім. Өз ойларыңызды қоса жатарсыздар.
1. Сыралғы қақпашы жоқ
2. Бесаспап шабуылшы жоқ
Латвиямен
өз алаңымыда 0:0 есебімен тең түстік.
Түзде Нидерланды құрамасынан 1:3 есебімен
ұтылдық. Жалқы голды қорғаушы Ренат
Абдулин соқты. Одан соң Астанада Чехия
құрамасына 2:4 есебімен есе жібердік.
Екі голды да қорғаушы Юрий Логвиненко
соқты. Енді міне, Түркиядан да 1:3 есебімен
ұтылып қалдық. Жалғыз голды пенальтиден
қорғаушы Самат Смақов соқты. Ал
шабуылшыларымыз қайда?!
3. Орталық қорғаушы жоқ
4. Тарихи маңызды жеңіс жоқ
Рас, 2007 жылы азулы Сербия құрамасын Алматыда 2:1 есебімен тізе бүктіргенбіз. Сол жеңіс біразға дейін жыр болып, мақтан тұтылды. Бірақ тарқап та кеткен сияқты.
5. Еуропаның жоғары деңгейлі чемпионаттарында ойнайтын футболшы жоқ
6. Ұлттық құрамада көшбасшы жоқ
Көшбасшы демекші, бідің құрама сапында нақты бір капитан да жоқ сияқты. Мысалы, електік додасының төрт турында біздің құраманы жасыл алаңға үш капитан бастып шықты. Олар – Таңат Нөсербаев (екі ойында), Андрей Карпович және Самат Смақов.
7. Қазақ тілді бапкер жоқ
Түркия сияқты ұлттық болмыс, ұлттық мүддеге көңіл аударатын елде бапкерлеріміздің бірінің қазақша сөйлеп тұрғаны абзал еді. Мұны кейбіреу түсінсе, базбіреулер сан-сақа жүгіртетін шығар. Бірақ біздің ұлттық құрамаға тап осы ұлттық мүдде, ұлттық болмыс жетіспейтін сияқты...
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Ел спорты жайлы ой
Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте
- Дата рождения:
30 ноября 1966
- В спорте:
с 1988 года