СпециалистыНургазы Сасаев
Кеншілер кенелте ме, қуанышқа?..
Қазақ футболы алғаш рет Еурододалардың топтық кезеңінің табалдырығында тұр. Екі командамыздың Еурокубоктардың топтық кезеңіне ілігіп, ел футболы тарихында ерен жетістікке қол жеткізер мүмкіндіктері бар.
Бүгін солардың бірі, яғни Қарағандының «Шахтері» Албания чемпионымен кездеседі. Жауапкершілік жүгі иықтарынан басып, екі матчтан тұратын кездеудің тарихи маңыздылығы мыстарын баспаса, «Скендербеу» клубын жеңулері керек. Әйтпесе, «Скендербеу» Беларусьтің БАТЭ-сінен азулы ма еді, тәйірі?!
Бірақ бұл қай команда қарымды деп қарайтын мезет емес. Чемпиондар лигасының үшініш електік сатысы. Қазақтың нағыз «бап шаба ма, бақ шаба ма» деп аңтарылатын сәті. Жүйкесі сыр бергендер, жауапкершілік жүгі еңселерін езгендер сүрінетін – сын мен сынақ.
Сондықтан тілімізді тістеп, тақымымызды қысып отырмыз. Болжам айтуға да жүрексінеміз. Қарсыластарын қоғадай жапырып келе жатқан «Шахтерге» тіл-көзіміз тимесін дейміз де...
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Ел спорты жайлы ой
Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте
- Дата рождения:
30 ноября 1966
- В спорте:
с 1988 года