СпециалистыНургазы Сасаев
«Шахтердің» екінші тынысы ашыла ма?!
Тұңғыш рет Еурокубок додасының топтық кезеңіне іліккен жалғыз клубымыз, яғни Қарағандының «Шахтері» Еуропа лигасындағы алғашқы екі ойынын өткізіп үлгерді. Түзде Грекияның ПАОК деп аталатын клубынан 1:2 есебімен ұтылып қалса, Астанада Израильдің «Маккабиімен» 2:2 есебімен тең түсті. Екеуінде де ұтып жатып, жеңісті уысынан шығарып алды.
Былай қарасаңыз, ПАОК те, «Маккаби» де кеншілер клубының бұған дейінгі қарсыласы «Селтиктей» қарымды емес сияқты. ПАОК тіпті қарағандылықтар Чемпиондар лигасының екінші електік сатысында жолынан тайдырған БАТЭ (Беларусь) клубынан да асып бара жатқан жоқ секілді.
Бірақ «Шахтер» екі ойыннан бір-ақ ұпай еншіледі. Екеуінде де жеңістен айырылып қалған – «Шахтердің»өзі. Егер «Селтик» және БАТЭ клубтарымен ойнағандай, мұқият ойнап, жанкештілік танытқанда, дәл қазір қоржынында бір емес, алты немесе төрт ұпай болар ма еді?!
Негізі, «Шахтер» –Қазақстан чемпионатындағықорғанысы берік команда. Бірақ Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы екі ойында «Шахтердің» тасқамал қорғанысы сыр беріп, бекінісінің іргесі сөгілді.
Жалпы, «Шахтердің» ойыншыларын да кінәлау дұрыс болмас.Қанша дегенмен олар да ет пен сүйектен жаралған адамдарғой. Шаршап-шалдығып, титықтап қалған сияқты.
Қазақстан чемпионаты сонау наурыз айында басталған. «Шахтер» биылғы маусымды 3 наурыз күні бастап кеткен. Кеншілер клубының доп теуіп жүргендеріне жеті айдан асып барады. Ал Еуропа елдерінде маусым жақындағана басталды.
Рас, Виктор Кумыков Еурододада ойнап жүрген футболшыларынҚазақстан чемпионатында дамылдатып алып жүр. Десек те, «Шахтер» клубының ойыншылары шиыршық атып тұрған жоқ секілді. Бәлкім, алдағы ойындарда екінші тыныстары ашылар...
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Ел спорты жайлы ой
Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте
- Дата рождения:
30 ноября 1966
- В спорте:
с 1988 года