СпециалистыНургазы Сасаев
Туысқандық пен ағайыншылық шет елден «кеулей» бастады...
Бізде осы туысқандық, ағайыншылық деген бір кесел бар. Оның пайдасы да, зияны көп. Оның бәрін жіпке тізіп, тәптіштеп жатпай-ақ қояйын. Өйткені айтпағым мүлде басқа.
Айтпағым, біздің осы «қаруымызды» шетелдіктер өзімізга қарсы қолданып жатқандай. Мысалы, жақында «Тараз» футбол клубына голланд маманы Арно Пайперс бас бапкер болып тағайындалды.
Өзі жалғыз келмей, өзімен бірге Питер деген інісін ерте келіпті. Көмекшісі ретінде оны да жұмысқа орналастырды.
Оны алдында «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубына Ресей маманы Владимир Плющев бас бапкер болып тағайындалған. Жақында Өскемен клубының сапына осы бапкердің ұлы Александр Плющев алынды...
Волейболымызда әкелі-балалы Гуторлар жүр. Александр Гутор – волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық құрамамыздың бас бапкері. Баласы Олексей Гутор ерлер арасындағы «Алматы» клубының сапында ойнайды.
Не боп барады?! Шет елден келген бапкерлер інілері мен балаларын (немесе әкелерін) ертіп келетін болған ба? Өзіміз осыдан құтыла алмай жүргенде...
Әлде қазақ топырағына табандары тигендердің барлығы бауырмал болып шыға келе ме?!
Подписывайтесь на главные новости
казахстанского спорта в Telegram
Комментарии
Сделать ставкуКарточка блогера
Ел спорты жайлы ой
Блог Нургазы Сасаева о казахстанском спорте
- Дата рождения:
30 ноября 1966
- В спорте:
с 1988 года