Статистика пользователя Жауатар
Ж
Жауатар
104 балла (2436)Данные
- Группа:
Пользователь
- Регистрация:
17 февраля 2011 (15:33)
- На портале:
5177 дней
- Последний визит:
17 февраля 2011 (15:33)
Комментариев: 66
- Ж
-
Ж
Жауатар к записи Астана выиграла чемпионат Астана - Қазақстанда ғана "чемпион", ал шетелде нөл. Өткен Олимпиадалардың бәрінде Алматы, Тараз, Шымкенттің боксшылары әкелді ғой алтын медальды. Лондонда да Тараз, Алматы, Шымкент әкеледі. Әсіресе, Тараз - қазақ боксының ұстаханасы. Мойындаңдар мықтыны! Бірақ Жамбыл облысының әкімі Бозымбаев жеңімпаздарды қарсы алу, құттықтау дегенді білмейді. Орынбасары бұрын түк көрмеген байғұс қой, "ойбай, ақша шығып кетеді" деп без ете қалады екен. Ал Н. Ақүрпек пен оның командасы болса күн сайын жаттығу жасап, ақ тер, көк тер боп жүр. Кім үшін облыс халқының намысы үшін. Парадокс! Ал ұтылудан көз ашпайтын Тараз футболшылары айына 5 мың АҚШ долларын айлық ретінде санап алып отыр. Ал қазақ комментаторына келсек оны қуу керек.
-
Ж
Жауатар к записи Мырзагали Айтжанов: «Рысбек — главное открытие» Бұра тартушылық қазақ әуесқой боксының беделін түсіретін болды. Әсіресе, астаналықтар! Президент Н. Назарбаевтың Астананың даңқын көтеретін ұлы істер жасайық деген тұрғыдағы әп-әдемі саяатын басқаша бұрып, Астана спортшыларының алдында басқа облыс спортшыларының сағын сындырып жатыр. Обал-сауап деген оңай емес, бұл үшін Алла тағала астаналық "комбинаторлардың" жазасын береді әлі. Естеріңде болсын, Астана алты Алашқа ортақ Астана болуы керек. Ал сендер, астаналық спорт функционерлері - Астананың атын шығаруды өз боксшыларымызды кез-келген былғаныш әдіспен алға сүйреп, басқа боксшыларды аяқтан шалу деп есептейсіңдер. Сол үшін Ресейден төбеттей ғып төреші, кеңесші де шақырасыңдар. Олар"үшінші" нөмірлі боксшыларды "бірінші" ғып кетеді әдейі. Ертең өз боксшыларымен кездескенде ұтылып қалсын деп. Қыруар қаржы шығындайсыңдар және. 50 мың АҚШ долларын қалтасына салып бересіңдер. Бас бапкер М. Айтжанда үн жоқ. "Тағынан" түсіп қалам деп қорқады-ау шамасы. Бәрібір лақтырып тастайды оны. Көп ұзай қоймас. Қазір команда ішінен іріп-шіріп жатыр. Команданың бір шаңырақ астында емес, Алматы мен Астанада екі бөлек жаттығу өткізуі жақсылық емес.
- Ж
-
Ж
Жауатар к записи Мырзагали Айтжанов: «Рысбек — главное открытие» Мырзағали Айтжанов жақында Алматыдағы "сборға" тек қана 49, 60 және 69 кг салмақтағы боксшыларды шақырып, қалған салмақтағы былғары қолғап шеберлерін "жаттығуға" Астанаға жіберіпті. Мұның құпиясы неде? Себебі, Б. Жақыптың бапкері (49 кг) - М. Айтжан, Ғ. Жайлауовтң бапкері (60 кг) - Н. Ақүрпек, 69 - С. Сәпиевтің бапкері (69 кг) - (фамилиясын ұмыттым, славян ұлтының өкілі, С-дан басталады)- бәрі ұлттық команда басындағы адамдар. Міне, солар қолдарынан келіп тұрған соң қоныштарынан басып, "Ертөстігім бір төбе, өзгелері бір төбе" деген арам пиғылмен "өз балаларының" формасын мұқият қадағалап отыру үшін "қастарынан" шығармайды. "Өзім дегенде өгіз қара күшім бар" деген мұндай сыбайластық көзқарас ұлттық командаға дұрыс психологиялық ахуал әкелмейді. Мұндай пәле ұлттық командаға бас бапкер боп Мырзағали Айтжанов келгелі өршіп кетті. Бұрынғы Т. Еділовтың, Е. Ыбырайымовтың және Д. Буданбектің кезінде бас бапкерге барлық боксшының тағдыры бірдей болатын. Ешқайсысын бөлмейтін, бөлектемейтін. Сондықтан Мырзағалидың ұстанған бағыты дұрыс емес. "Бәріміз - біріміз үшін, біріміз - бәріміз үшін". Ұлттық команда ұраны осы болуға керек. Бір-бірінен үйрену үшін команда әрдайым бір шаңырақтың астында жаттығуға тиіс. Сонда командалық туысқандық, тұтастық, патриоттық сезім нығайып, жеңіске бір ұранмен шыққан бір атаның баласындай ұмтылады.
Хроника дня
- 23:22Бокс/ММА
«Казахский король» приблизился к бою за титул чемпиона мира
- 23:18Бокс/ММАОзвучены планы Джукембаева после завоевания титула WBA
- 23:13Lifestyle
Ученые нашли жизнь за пределами Земли
- 23:10Бокс/ММА
Дияр Нургожай назвал виновника в своем дебютном поражении UFC
- 22:50Теннис
Арина Соболенко узнала цену поражения в финале турнира в Штутгарте
Опрос
Следует ли уволить руководство и главного тренера «Барыса» после самого неудачного сезона в истории клуба?